Кәзіргі кезде дін жайлы дау көбейіп кетті ғой, әйтеуір бірін-бірі қаралап жатқан жұртшылық. Сол дауды көбісі мынадан басталады, бірі ислам діні былай дейді десе, келесі қарсы топ ондай нәрсе қазақ салтында болмаған, біздің аталарымыз ақымақ емес шығар деп дауласады…. Ал содан келіп ұрыс басталады, бұл жердегі негізгі мәселе мынада сияқты кәзіргі уағыздалып жүрген ислам мен қазақтардың бұрынғы ұстаған дінінде айырмашылық бар ма? Бар екен. Бұл пікірді Абайдың бір кітабінан оқып едім, ол кәзір менің қолымда болмай тұр, есесіне қолыма Шоқан Уалихановтың «Алты шаһарға сапар» атты кітабі түсті. Бұл кітапта осы жайында былай дейді:
Қазақтар туралы барлық зерттеушілердің айтуынша да, барлық географиялық нұсқауларда да қазақтар мұсылмандар, бірақ шамандық ырым, сенімді ұстайды. Олар мұсылман дініне табынумен қоса шамандық нанымдарға да иланады. Мен бұл сөзіммен, қазақтарда шамандық таза күйінде сақталды деуден аулақпын, керісінше, қазақтарда шамандық салт-сана мұсылмандық наныммен мидай араласып, ортақ – мұсылман атты дінді құрайды.
Діни жетектегі –молдасыз, саутсыз халық арасында мұсылман діні ойдағыдай тамыр жая алмады, ислам дінінің әуезді дыбыстары мен түсініксіз сөздер тізбегі астарында шамандық салт-сана қалып қойды. Сондықтан да діни атаулардың аттары, терминдер ғана өзгерді, ал негізгі шамандық туралы түсінік – ол сол баяғы қалпында қалды. Онгонды – аруақ деп атады, көк тәңірін – Алла немесе құдай, рухын –шайтан, пері диуана және жын деді, бірақ одан халық санасындағы шамандық идея бұзылмады. Мұсылмандық әзірше біздің сүйегіміз бен қанымызға сіңіп бола қойған жоқ. Ол бізге келешекте халықты ыдырату қаупін төндірмек. Қазақтардың арасында әлі Мұхамедтің атын да білмейтіндері көп және біздің бақсыларымыз қырдың көп жерлерінде өз мәнін жоғалта қойған жоқ.
-
Соңғы жазбалар
Мұрағаттар
Санаттар
Өтпелер