Дін жайлы дауласушы бауырларыма…

Кәзіргі кезде дін жайлы дау көбейіп кетті ғой, әйтеуір бірін-бірі қаралап жатқан жұртшылық. Сол дауды көбісі мынадан басталады, бірі ислам діні былай дейді десе, келесі қарсы топ ондай нәрсе қазақ салтында болмаған, біздің аталарымыз ақымақ емес шығар деп дауласады…. Ал содан келіп ұрыс басталады, бұл жердегі негізгі мәселе мынада сияқты кәзіргі уағыздалып жүрген ислам мен қазақтардың бұрынғы ұстаған дінінде айырмашылық бар ма? Бар екен. Бұл пікірді Абайдың бір кітабінан оқып едім, ол кәзір менің қолымда болмай тұр, есесіне қолыма Шоқан Уалихановтың “Алты шаһарға сапар” атты кітабі түсті. Бұл кітапта осы жайында былай дейді:
Қазақтар туралы барлық зерттеушілердің айтуынша да, барлық географиялық нұсқауларда да қазақтар мұсылмандар, бірақ шамандық ырым, сенімді ұстайды. Олар мұсылман дініне табынумен қоса шамандық нанымдарға да иланады. Мен бұл сөзіммен, қазақтарда шамандық таза күйінде сақталды деуден аулақпын, керісінше, қазақтарда шамандық салт-сана мұсылмандық наныммен мидай араласып, ортақ – мұсылман атты дінді құрайды.
Діни жетектегі –молдасыз, саутсыз халық арасында мұсылман діні ойдағыдай тамыр жая алмады, ислам дінінің әуезді дыбыстары мен түсініксіз сөздер тізбегі астарында шамандық салт-сана қалып қойды. Сондықтан да діни атаулардың аттары, терминдер ғана өзгерді, ал негізгі шамандық туралы түсінік – ол сол баяғы қалпында қалды. Онгонды – аруақ деп атады, көк тәңірін – Алла немесе құдай, рухын –шайтан, пері диуана және жын деді, бірақ одан халық санасындағы шамандық идея бұзылмады. Мұсылмандық әзірше біздің сүйегіміз бен қанымызға сіңіп бола қойған жоқ. Ол бізге келешекте халықты ыдырату қаупін төндірмек. Қазақтардың арасында әлі Мұхамедтің атын да білмейтіндері көп және біздің бақсыларымыз қырдың көп жерлерінде өз мәнін жоғалта қойған жоқ.

Posted in Uncategorized | Пікір қалдыру

Бір әзіл….

Бұл әзілді маған жездем айтқан болатын, қатты ұнап қалды, мүмкін сіздерге қызықсыз болар, бірақ сонда да жазып қояын деп шештім))))
Бірде қазақтың үйіне көрші болып бір орыс қоныстаныпты. Көрші ақысы тәңір ақысы деп үйренген қазақ әлгі орысты үйіне қонаққа шақырса керек. Мейман ұялғаннан ба тамаққа аса көп қол соза қоймапты. Оны байқаған қазақ “ұялмай жей бер” дейін десе, ол сөздің орысшасын білмейді… Содан әрі ойланып, бері ойланып, тапқан сөзі мынау болыпты: “Как тебе не стыдно?” Бұл сөзді естіген орыс мүлде тамақ жемей қойыпты. Ал қазақ болса іштей бұл мына тағамды менсінбей отыр-ау шамасы, қой сояын ба деп сұрағысы келіп, былай деген екен:”Как барана зарэжу!” Бұл сөзді естіген орыс есі шыға қаша жөнелген екен, оны көрген қазақ “е, асығыс жұмысы бар екен ғой” деп ойлап, үйге келіп тұр дегісі келген ниетпен былай деген екен: “туда сюда ходишь все равно поймаю”

Posted in Uncategorized | 1 пікір

Елена Ваенга

Елена Ваенга. Бұл әншіні осыдан бір айдай бұрын 1 каналдан көрідім, көрдім де оның өнеріне, дауысына тәнті болдым. Кәзіргі кезде бұл тәріздес әншілер азайып кетті ғой. 1 ғана әнді бір спектаклге, бір өмірге, бір тағдырға айналдыруы, дауысындағы энергия мен бойындағы бұлқынған сезімді халыққа жеткізуі жаныңды бірден баурап алады екен. Сол әншінің өзіме ұнаған бір әнін өз блогыма шығарып қояын дедім. Әні мен сөзі Елена Ваенганікі:

Елена Ваенга – Мамочка

Девочка смотрит на свою маму
Девочка хочет маму спросить
Она спросила глазами:
Как надо правильно жить?

Мама смотрела на свою дочку
Мама хотела дочке сказать
Она кричала глазами:
Самому близкому не надо лгать

Чёрная птица белой не станет
Если не плачет вместе – значит, не друг
Думай душою, смотри глазами
И никого не стоит винить

Девочка смотрит на свою маму
Мамино фото… сорок пять лет…
Она бы сказала не только глазами
Но, к сожаленью, мамочки нет

Девочка смотрит на свою маму
Девочка хочет маму спросить
Она кричала глазами:
Мама, как надо нам правильно жить?
(http://masteroff.org/51254.html өлең сөзін осы сайттан алдым)

Posted in Uncategorized | 1 пікір

Неге сондайсың?

Неге сондайсың???? Осы сұрақты ес білгелі естіп келемін. Және сұрақ қойған адамдардың көз жанарларынан үнемі мазақ, жеккөрініш және ең ауыры көбінен аяушылық сезінемін, сезінген сайын осы өмірден безініп кеткім келеді. Бірақ….. Бірақ неге мен безінуім керек??? Менің мінезім, болмысым оларға ұнамаса мен жазықтымын ба??? ……

Posted in Uncategorized | Пікір қалдыру

Шал ақын мен қыз

Шал ақын жолаушылап жүріп бір байдың үйіне қоыпты. Бай бір арық тоқтысын сойып, қонақ алдына қойса керек. Сонда Шал:

Жануар, арықтықтан өлгенбісің,
Иеңнің мінуіне көнгенбісің.
Етіңіз ата малға ұқсамайды,
Не аза, не киіттен келгенбісің?

депті. Бұған байдың бойжеткен қызы;

Малдың арық болғанын көдеден көр,
Арық десең етімді өзіме бер.
Құлекеңнің баласы Шал да болсаң,
Ақы пұлың шыққан жоқ, қаужаңдай бер,-
дейді.

Posted in Uncategorized | 1 пікір

Шал мен кемпірі (айтыс)

Шал:
Шіркін-ай, дүниенің жалғанын-ай,
Өмірдің қызығының қалғанын-ай.
Арқама қолым шіркін жетпей отыр.
Арқамды сипап жіберші, алғаным ай.
Кемпірі:
Бұл күнді ойлай берсең бәрі уайым,
Әуре ғып жаратты ғой бір құдайым.
Көптен бері қызығыңды көргенім жоқ,
Азаптанып арқаң сипап не қылайын?
Шал:
Атығай Шал ақын мен емес пе ем,
Ағып жатқан бұлақтан кен емес пе ем.
Сені алғалы ешкімге бұрылғам жоқ,
Сол бұлақты тауысқан сен емес пе ең?!

Бұл айтысты Айтыс деген кітаптың 1 томынан көшіріп алып едім )))

Posted in Uncategorized | 1 пікір

Тілек

Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Бір шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз,
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз,
Алпысбасты ақ орда,
Ардақталған аяулың
Күнінде біреуге
Тегіннен тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз,
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз,
Сегіз қиыр шартарап
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз,
Төреңіз тақтан таймасқа.
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз,
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрсағын кеңіткен,
Тас емшегін жібіткен,
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз,
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Даусы қудай саңқыған,
Назыменен күйдірген,
Қылығымен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа.

Бұхар жырау

Posted in Uncategorized | 1 пікір